«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің миссисы – жұмыспен қамтудың мемлекеттік  саясатын іске асыру және әлеуметтік қорғау саласында халыққа сапалы қызмет  көрсету. Жұмыспен қамту бөлімімен 18 түрлі 4037 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2017 жылдың басынан жұмысқа орналасу сұрағы бойынша 1974 адам өтініш білдірді, 2016 жылдың ұқсас кезеңімен  салыстырсақ, 649 адамға артық. Тұрақты жұмыс орындарына 1232 адам орналасты. Жұмыссыздардың жұмысқа орналасу үлесі өтініш білдірген азаматтар санының 62,4 %-ын құрайды.

Есептік кезеңге 400 адам жоспарымен 631 жастар жұмысқа орналасты,157,7%-ға орындалды.

Қысқа мерзімді курстарға  электргазбендәнекерлеуші, электромонтер, шаштаразшы, аспазшы, есепші, көлік жүргізуші мамандықтары бойынша 333 адам жіберілді.

Жұмыссыз азаматтардың құрамында біліктілігі жоқ жұмыс күші  орын алатындығын есепке ала отырып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлінуде. 458 жұмыссыз қатысып жатқан қаланың 54 кәсіпорындарымен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша келісімшарт жасалды, оның ішінде 273 адам жастар санатынан.

Жас жұмыссыз азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында қалада жыл сайын орта және жоғары оқу орындарының түлектері үшін қалалық  және республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін жастар практикасы ұйымдастырылады.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 2015-2017 жылғы жоғары және орта оқу орындарының түлектері қатарынан жастар практикасына 73 адам қатысуда.

Жыл сайын  басым құқыққа ие зейнеталды жастағы тұлғалар, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация  қызметінде есепте тұрған тұлғалар, жалғызбасты және кәмелеттік жасқа толмаған көп балалы ата-аналар сияқты  жұмыссыз азаматтар үшін  әлеуметтік жұмыс орындары құрылады.Әлеуметтік жұмыс орындарына шілде айынан бастап 48 адам жоспарымен                       60 адам жолданды.

Қарағанды облысы бойынша Ұлттық Кәсіпкерлік палатасымен ұйымдастырылған «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша Кәсіпкерлік негіздерін оқу курсынан 9 жұмыссыз азамат және 6 бастауыш кәсіпкерлер өтті.

Қаланың жұмыссыз азаматтары үшін 4 бос жұмыс орындары ұйымдастырылды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, жастарды, әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жәрмеңке өткізілді. Осымен бірге, қаланың оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру  жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

25.10.2017 жылғы жағдай бойынша жұмыспен қамту бөлімінде     484 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр.


          2017 жылдың 25 қазанына бөлімнің дерек қорында кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың саны 11 адаммен 2 отбасыны құрады. Кедейлік деңгейі 0,01 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылдан бастап:

- атаулы әлеуметтік көмек 30 адам санымен 5 отбасыға, 688 теңге орташа мөлшерімен жалпы сомасы 185,8 мың теңге тағайындалды;

- 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 129 бала санымен  57 отбасыға  жалпы сомасы 1598,0 мың теңге көлемінде тағайындалды, жәрдемақының мөлшері бір балаға 2383 теңге; 

- мүгедек балаларды уйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 33 өтініш иесіне жалпы сомасы 548,1 мың теңге әлеуметтік көмек берілді, әрбір мүгедек балаға 3782 теңге мөлшерінде;

- өмірлік  қиын  жағдай  туындаған  кезде жалпы сомасы  1770,0 мың теңге әлеуметтік көмек 78 адамға төленді, оның ішінде:

·     амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруымен – 295,0 мың теңге 13 адамға;

·     операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруымен – 1361,4 мың теңге 60 адамға;

·     адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және  адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған  әлеуметтік мәні бар  ауруымен -113,4 мың теңге 5 адамға төленді;

·     әлеуметтік пакет түрінде (азық түлік және жуып-шаю жабдықтары) амбулаторлық ем қабылдаушы 16 туберкулезбен ауыратындарға жалпы сомасы 840,0 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

-     тұрғын үй көмегі  481 адам  санымен  351  отбасыға  жалпы сомасы

6804,0  мың теңге (оның ішінде 24 адам санымен 20 отбасыға көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге 192,1 мың теңге) көрсетілді, көмектің орташа мөлшері 2614 теңге.

2017 жылдан бастап «Өрлеу» жобасына 28 адам санымен 8 отбасы қатысты. Жалпы сомасы 690,3 мың теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Әлеуметтік келісім шарт жасалғаннан бастап жобаның 10 қатысушысына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді.

         2018 жылдың қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесі енгізіледі. Жәрдемақының мөлшері әрбір отбасының табысының деңгейіне байланысты тағайындалады.

Бүгінгі күнде алатын бірнеше әлеуметтік төлемнің орнына, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға бірыңғай жәрдемақы төленетін болады.

Сондықтан да, осындай отбасылардағы еңбекке қабілетті отбасы мүшелері Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына  қатысуға міндетті болады

Жыл басынан 151 адам гигиеналық құралдармен, 90 мүгедек жеке көмекші қызметімен қамтамасыз етілді,  82 мүгедек Щучинск қаласындағы «Береке» және Қарағанды қаласындағы «Березняки» шипажайына жолданды, 48 мүгедекке протездік-ортопедиялық көмек көрсетілді, 35 мүгедекке тифлотехникалық құралдар мен 36 мүгедекке сурдотехникалық құралдар берілді.

Кедергісіз орта қалыптастыру үшін қаланың әлеуметтік маңызы бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар жиі баратын  66 нысан түгенделді, олардың 46 нысаны бейімдеуге жатады. 2014-2016 жылдар аралығында 19 нысан, ағымдық жылы 6 нысан бейімделді.

 

Жыл басынан медициналық-әлеуметтік мекемесіне 6 адам жолданды (Шахтинск-2 адам, Жезқазған - 2 адам, Саран-1 адам, балалар психоневрологиялық МӘМ  Қарағанды қ-сы - 1 адам). Кезекте 20 адам тұр, оның ішінде психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне – 17 адам.

Жеке қажеттілігі бойынша 375 адам үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алады, оның ішінде жалғыз басты қарт азаматтар 207 адам, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар – 168 адам.

Халықтың әл-ауқатын арттыру, кедейшілік мәселелерін шешу және еңбекке жарамсыз, аз қамтамасыз етіілген азаматтарға көмек көрсету, жұмыссыздарға кәсіп игеруге, жұмысқа орналасуға көмек көрсету бөлімнің басты міндеті болып қала береді. Осы бағытта жұмыстар жалғасын табады.

 

 

 

«Балқаш қаласының жұмыспен

 қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ

басшысы                                                                    Ж. Томпиева