2017 жылдың 25 қазанында сағат 11-00-де «Нұр Отан» партиясының Балқаш қалалық филиалы ғимаратында «Балқаш қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ–мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу сұрағы бойынша «Кедергісіз келешек» атты қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қоғамдық қабылдаудың өткізілу мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қаладағы еңбек нарығының жағдайы мен қаланың кәсіпорындарындағы бар бос жұмыс орындарын ақпараттандыру, Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын түсіндіру.

Қабылдауға 8 жұмыс беруші қатысып, олар білім беру, коммуналдық қызмет көрсету, жылу энергетика, және т.б. салаларға қатысты 30 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыс берушілерге есту қабілетінен айырылған және тірек қозғалыс аппарытымен жүретін мүгедектерді жұмысқа орналастыру мақсатында арнайы жұмыс орындарын құру мүмкідіктері түсіндірілді. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру барысында арнайы жабдықтарды алуға шығындар мемлекетпен субсидияланады.

Аталған іс-шараға 25 адам қатысты.

Барлық қатысушылар мынадай белсенді шаралар бойынша консультация алды:

· Қайта даярлау мүмкіндігі туралы;

· Кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу;

· Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оның ішінде қоғамдық жұмысқа жолдау, жастар практикасына жіберу мүмкіндіктері.

Қоғамдық қабылдаудың қорытындысы бойынша:

· жастар тәжірибесіне 1 адам;

· тұрақты жұмыс орындарына 2 адам жолданды.

· қаланың жұмыс берушілеріне әңгімелесуге 2 адам шақырылды.