Балқаш қаласының 80 жылдығына арналған  іс-шараларының және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» ұранының аясында М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында «Еңбек Жолы» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Аталған шарада «Ең үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Ең үздік өндірістің жас маманы» номинациялары бойынша анықталған «Еңбек Жолы» конкурсының жеңімпаздары дипломмен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша «Ең үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

1-орынды Керімбаевтар әулеті алды. Әулеттің басшысы – Керімбаев Қанат Дәкенұлы «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-нің Балқаш өндеу-механикалық мамандандырылған басқармасында темір ұстасы-жөндеуші  жұмыскері ретінде жұмыс атқарады. Өндіріс саласында 7 отбасы мүшесі өз үлестерін қосқан. Әулеттің жалпы еңбек өтілі – 104 жыл.

2-орынды Дидик әулеті алды. Әулет басшысы Дидик Татьяна Анатольевна металл бұйымдарын өндіру сұрағын жақсы меңгерген. 2006 жылы «Заслуженный работник ЗОЦМ» белгісімен, сондай-ақ, кәсіпорын басшылығы мен облыс әкімінің құрметті грамотасымен марапатталған. Әулеттің жалпы еңбек  өтілі – 118 жыл.

3 орынды Ибраеваның әулеті алды. Әулет басшысы – Ибраева Сауле Касымовна «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-ның орталықтандырылған бухгалтериясында бухгалтер болып жұмыс істейді. Аталған кәсіпорында бүгінгі күнге дейін әулет басшысының қыздары еңбек етеді. Әулет басшысының жалпы еңбек өтілі – 71 жыл.

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша:

 1 орын «ТМӨЗ»АҚ-ның орталықдандырылған жөндеу цехының темір ұстасы Валентина Павловна Мозальға табысталды. 1990 жылдан бастап «ТМӨЗ» АҚ-да темір ұстасы – жөндеуші жұмыскері болып жұмыс істеді. Металл бұйымдарын өндіру цехының жабдықтарын жөндеу үшін қиын қордағы бөлшектерді толық көлемде және сапалы түрде дайындайды. Еңбектегі жетістіктері үшін Балқаш қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, кәсіпорын басшылығының құрмет грамотасымен марапатталған.   «ТМӨЗ» АҚ-ның құрмет тақтасына енгізілген.

2-орынды«Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Филиалының Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері Азамат Есенович Ыкласбеков алды. 2013 жылы «Үздік маман» төс белгісімен, дистанция директорының құрметті грамотасымен марапатталған.

3-орын«Қазамыс Смэлтинг» ЖШС-нің ауа бөлу блоктарының аппаратшы маманы Амангелді Шайкенович Жакипбековке табысталды. Еңбектегі жеңістері үшін «Еңбек Даңқы» 3-дәрежелі  төс белгісімен марапатталған.

«Өндірістің ең үздік жас маманы» номинация бойынша:

 1-орынға – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Филиалының Балқаш сигнализация және байланыс дистанциясының өндірістік оқыту шебері Олжас Жанболатович Ермагамбетов ие болды.

2-орынға«Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Филиалының Балқаш локомотивтік пайдалану депосының инженер-технологы Андрей Головатый ие болды.

3-орынды«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-нің тапсырыстарды қалыптастыру жөніндегі маманы Ольга Виссарионовна Левченко иеленді.