«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 279 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі-– көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

         1) көрсетілетін қызметті алушының және/немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі, мүгедек балалар үшін – жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі және заңды өкілінің жеке басты куәландыратын құжатының көшірмесі;

         2) денсаулық сақтау ұйымымен берілген санаторий-курорттық картасының көшірмесі;

         3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл және/не ауылдық округ әкімдерінің анықтамасы);

         4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмелері;

         5) мүгедектің жазбаша келісімімен басқа адам өтініш тапсырған кезде –оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         жеке басты куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі. 

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі: 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Қызметті берушінің мекенжайы: Балқаш қаласы,  Уәлиханов к-сі,5    каб.№6  телефон 8(71036) 42325, электронды поштаның мекенжайы: blh_ozs@mail.гu, Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript