Жоба             

«Балқаш қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас

жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабы, 10 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген «Балқаш қаласының жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі –Стандарт) бекітілсін.

2. Жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ісқағаз жүргізу инспекторы:

жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерін Стандартпен жазбаша түрде таныстырылсын;

Стандарттың мәтінін Балқаш қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

 

Бөлім басшысы Томпиева Ж.К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балқаш қаласының

жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар»ММ

басшысының

«____» _________ 2017 жылғы

№_____ бұйрығына қосымша

 

 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ

 

 

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы:

Халықты әлеуметтік қорғау

 

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы:

«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар»ММ-сі

 

3. Қоғамдық қатынастардың ерекшеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) ережесі

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қамтитын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) заңдылық принципін, Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарды және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатал сақтау;

2) мүдделер қақтығысын туғызатын кез-келген мүмкіндікті болдырмау үшін шара қабылдау;

3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруын қиындататын әрекетке (әрекетсіздікке) жол бермеу;

4) жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін өзінің лауазымдық өкілетін және онымен байланысты мүмкіндігін пайдаланбау;

5) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық жігерін жұмсау, қойылған міндеттерді шешуде тиімді, үнемді және білікті әдістерді қолдану;

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін үнемі кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру;

7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруда қызмет бабын пайдалануға, негізсізбюрократия мен сөзбұйдаға салуды болдырмау;

8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, еркіндіктерін және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету;

9) әріптестерден жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті талап ету және қолдау;

10) жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет және басқа адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау.

 

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау;

2) құпиялықты сақтау және қызметтік, мемлекеттік құпияны сақтауды қамтамасыз ету;

3) кәсіби (қызметтік) этиканы сақтау;

4) еңбек тәртібін қалтқысыз сақтау, ұсынылған өкілетті тиімді қолдану, өзінің қызметтік міндеттерін адал, риясыз және сапалы орындау, жұмыс уақытын орынды қолдану;

5) лауазымдық міндеттерін атқару барысында жеке және заңды тұлғаларға басымдық көрсетпеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;

6) үшінші тұлғалардың мүдделерін қолдау немесе ұсынудан тартыну;

7) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу;

8) әріптестер мен басшыларға риясыз қызметтік шешім қабылдауға ықпал ететін қарым-қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын өтініштен тартыну;

9) мүдделер қақтығысын болдырмау, орын алған жағдайда заңнамаларға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау.

 

3.3. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде:

1) нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындауға ұсыныс енгізгенде 2016 ж. 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ қатаң ұстану;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын эксперттік кеңес отырысында қарастырғанға дейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ғаламтор ресурстарында жариялау.

 

3.4 Тіршілік әрекеті саласына байланысты орын алған басқа да қарым-қатынас барысында:

 

1) бағынышты жұмыскерлерді негізсіз айыптауға, дөрекілік фактілеріне, адамгершілік абыройын төмендетуге, әдепсіздікке, жағымсыз мінез-құлыққа жол бермеу;

2) бағынышты лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін, міндеттемелерін нақты және айқын анықтау;

3) басшының тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және анық мәліметтер ұсыну;

4) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, мүлікті қызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдалану;

5) ұжымда іскерлік қарым-қатынас пен құрылымдық әріптестік орнату және нығайтуға жағдай жасау;

6) заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық және басқа да жауапкершілік қарастырылған әрекеттер мен құқық бұзушылыққа жол бермеу.

 

4. Өзге шектеулер мен тыйымдар:

 

1) сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтың алдын алу және жою бойынша тиісті шаралар қолдану, оның ішінде жедел түрде жоғары тұрғанбасшыға, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша түрде хабарлау;

2) педагогикалық, ғылыми және шығаршылық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдық алу немесе пайда табу үшін ресми таралуы тиіс емес қызметтік және басқа да ақпаратты қолдану;

4) қызметтік өкілеттігін атқаруға байланысты сыйлық алу.