2017 жылдың 29 маусымында Балқаш қаласы әкімінің орынбасары С.Ж.Жақсылықованың қатысуымен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік –еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның кезекті отырысы  өтті.

Комиссия отырысы барысында қала кәсіпорындарында еңбек қатынастарын реттеу, еңбек заңнамасының нормаларын сақтау, қала кәсіпорындарындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарының ағымдағы ахуалы бойынша мәселелер, қалалық келісім мен ұжымдық шарттың міндеттемелері болып табылатын  жұмыскерлерге және олардың отбасы мүшелеріне санаторлық - курорттық емдеу,  сауықтыру, демалыс ұйымдастыру сұрақтары қаралды.

Әлеуметтік әріптестік бойынша қалалық үш жақты комиссиясының жұмысында әлеуметтік әріптестік тараптарының, Балқаш қаласы бойынша еңбек заңдылығын бақылау бөлімінің  мемлекеттік инспекторы, қаланың жұмыс берушілері және кәсіподақтар қатысты.

Баяндамалардың қорытындылары бойынша отырыстың қатысушыларымен қозғалған сұрақтар төңірігіндегі талқылаулар мен мәселелер қарастырылып, әлеуметтік тұрақтылықты және еңбек саласында жұмысшылардың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған кепілдемелер берілді.